Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөнінде облыстық  іс- шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектепалды даярлық топтарының оқушылар арасында "Мен Тәуелсіз ұланы"  қашықтан облыстық театрландырылған бейнеролик қойылым байқауында "Сыр шуағы"  бөбекжай- бақшасының мектепалды даярлық тобының  тәрбиеленушілері қатысып  ата бабаларымыздың елін,  жерін,  отанын қорғаған шежірелер рухын Абылай хан,  Жамбыл Жабаев,  Абай Құнанбаев,  Қорқыт Ата,  Домалақ ана, Алия Молдағұлова кейіпкерлерін сомдап,  жыр шумақтарын жырлады.  Ортаға Тәуелсіз елдің ұланы шығып,  бабаларына алғысын білдіріп, домбыраның тілінде ана тілін сөйлеткен музыкалық оркестрге мың бұралып,  текемет биін билеп,  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тақпақтарын арнады.
Байқаудың нәтежесі бойынша бүлдіршіндеріміз жүлделі ІІІ орынға иеленіп,  қалалық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.