МКҚК «Сыр шуағы» балабақшасы - «Балапан» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында 2016 жылы 30-тамызда ашылды. Балабақша 280 балаға арналып, 12 топты қамтиды. Балабақшада мамандандырылған педагог қызметкерлер жұмыс жасайды. Олар: педагог-психолог, логопед, дене тәрбиесі нұсқаушысы, хореограф, музыка жетекшілері, тәрбиешілер. Балабақша педагогтары білімдерін үздіксіз жетілдіріп, ізденіс, шығармашылықта, қазіргі сұранысы күрделі, талапшыл, арманы асқақ балапандарға қалтқысыз қызмет етуде.
Балабақша ғимаратында «Ән-әуез», «Спорт», «Педагог-психолог», «Логопед», «STEАM», залдары мен кабинеттері бар.
Бөбекжай -бақшаның басты ұстанымы- - бәсекеге қабілетімен құзіретті, әрбір іс-әрекетке креативті көзқараспен қарайтын, ана тілімен бірге өзге де тілдерді меңгере алатын әлемдік сұранысқа жауап бере алатын тұлға қалыптастыру. Тәрбиелі, білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу мен оның танымын кеңейту.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру балабақшадан басталады.Мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы,оның қоршаған ортаға бейімделуі.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту міндеттерінің тұтастығын қамтамасыз етеді.Осы орайда бөбекжай –бақша тәрбиешілері түгелдей жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сертификатталған педагог мамандар.
Балабақшада балаларды жан-жақты дамыту мақсатында М.Монтесории технологиясы, Триз технологиясы, Тәй-тәй технологиясы, Ойын технологиясы, АКТ технологиясылары т.б көптеген технологиялардың элементтерін пайдалануда.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының бағдарларын ұсынған. Олар: «Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ең басты шарты- ұлттық кодыңды сақтай білу. Ұлттық құндылықтар арқылы болашақ ұрпақты тәрбиелеу, туған жерге деген сүйіспеншілік, Қазақстанға деген патриоттық сезімге баулу.
Бөбекжай –бақшада ата –анамен жұмыс жақсы жолға қойылған түрлі сайыстар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі.Ата-аналармен бірлескен көрмелер жыл маусымдарына байланысты(күз,қыс көктем,жаз) жасалып отырады.
Осы бағытты балабақшамызда тәрбие мен білім беру, ұлттық дәстүрмен қалыптасқан білім мен тәрбие берудің озық үлгілерін жаңашыл әдістерімен ұштастыра отырып пайдалану, әрбір бүлдіршіннің жеке тұлға болып қалыптасуына, қабілет-қарімінің ашылуына, таным-түйсігінің оянуына барлық жағдай жасау, олардың өз ойын ашық айта білетін, пікірін білдіре алатын көшбасшылық қабілетін қалыптастыруға ықпал етіп, нәтижелі жұмыс жасалуда
Балабақаша ұжымы осы уақытқа дейін республикалық, облыстық, қалалық семинарлар, конкурстарға қатысып жүлделі орындар иегері атанды.
Әрине, бұл балабақша бағындырған белестердің бір парасы ғана. Болашақта әлі де биік белестерді бағындырамыз деп кәміл сенеміз.