Балбақша жайлы қысқаша мәлімет
Балабақша ашылған жылы: 2016 жыл, 30 тамыз
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Құрылтайшы:Қызылорда облысының әкімдігі
Статусы: Қазақ бөбекжай-бақшасы
Балалардың жалпы саны: 280
Бөбекжай-бақшада 2019-2020 оқу жылында 12 топ жұмыс жасады.
Мектепалды даярлық тобы-2, Ересек топ -3, Ортаңғы топ-4, кіші топ-3
Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Балабақшада барлығы 12 топ .
Онда жоғары және арнаулы орта білімді 24 тәрбиеші жұмыс жасайды
Педагог- психолог,логопед,ән –әуез жетекшісі,дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы,бейнелеу өнері мамандары мен толық қамтамасыз етілген.
Қызылорда қаласының білім бөлімі жолдамасы бойынша, балалар 2 жастан бастап бөбекжай-бақшада қабылданады. Топтар балалардың жас ерекшелігіне сай құрылған. Балабақша жұмысын 8.00-де, кешкі сағат 18.30-да аяқтайды.
Тамақтандыру: Төрт мезгіл
Мектепке дейінгі ұйымның жалпы мінездемесі:
Елбасы тапсырмасымен «Балапан» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында 2016 жылы 30-тамызда ашылды. Бөбекжай-бақша 280 балаға арналып, 12 топты қамтиды. Мектепке дейінгі ұйымда мамандандырылған педагог қызметкерлер жұмыс жасайды. Олар: педагог-психолог, логопед, ағылшын және орыс тілі мамандары, дене тәрбиесі нұсқаушысы, хареограф, музыка жетекшілері, тәрбиешілер. Балабақша педагогтары білімдерін үздіксіз жетілдіріп, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімдерін жетілдірген, ізденіс, шығармашылықта, қазіргі сұранысы күрделі, талапшыл, арманы асқақ балапандарға қалтқысыз қызмет етуде.
Балабақша ғимаратында «Ән-әуез», «Спорт залы», «Педагог-психолог», «Логопед кабинеті», «STEАM»кабинеті, бар.
Бөбекжай –бақшаның басты ұстанымы- бәсекеге қабілетімен құзіретті, әрбір іс-әрекетке креативті көзқараспен қарайтын, ана тілімен бірге өзге де тілдерді меңгере алатын әлемдік сұранысқа жауап бере алатын тұлға қалыптастыру. Тәрбиелі, білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу мен оның танымын кеңейту.
Негізгі қолданылатын бағдарламалар:Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығы) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының (бұдан әрі - МЖМБС), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20625 болып тіркелген) және Үлгілік бағдарламасының толық көлемде іске асырылады.
Вариативтік компоненті
- Ертегі шеберханасы
- Тіл сөйлеу шеберлігі
- Ғажайып дыбыстар
- Ғажайып иректер сыр шертеді
- Топтас,ойлан,бөліс
- Көңілді палитра
- Ата дәстүр –асыл қазынам
- Ана және музыка
Үйірмелер:
- Балғын суретші үйірмесі
- A capellaхор үйірмесі
- Хореография үйірмесі