«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес “Сыр шуағы” бөбекжай-бақшасында педагогтарға әдістемелік шара өткізілді.
Кәсіподақ – бірліктің тірегі
5- қазан күні бақшамызда «Кәсіподақ – бірліктің тірегі» апталығы аясында ұжым қызметкерлерінің қатысуымен «Бір ұжым – бір отбасы» атты көңілді фотосессия ұйымдастырылды.
Бұл ерекше шараның мақсаты – әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұйымшылдық пен бірлікті арттыру, көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Күнделікті еңбекте бірге тер төгіп, қуанышта бірге қуанып, қиындықта бір-бірімізге қолдау көрсететін ұжымымыздың әр мүшесі – үлкен отбасының бір бөлшегі.
Көңілді сәттер, шынайы күлкі, көтеріңкі көңіл күй – барлығы да біздің бірлігіміз бен татулығымыздың жарқын көрінісі!
https://syrshuagy.kz/kz/beinerolikter-sir-shuagi.html#sigFreeId230fddc052









