https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeIdb4e6103e4b
Бақшамыздың логопед маманы Нуркожаева Акмарал "Біз қалай балалармен сөйлесеміз" тақырыбында ата-аналарға арналған консультациялық пункт жоспарына сәйкес 4 жастағы Айсұлтан, Нұрым және Дінмұхамедпен ойын-жаттығулар көрсетті. Балалармен бірге сөйлеу тілін, артикуляциялық аппарат мүшелерін дамытуға, байланыстырып сөйлеуге, есте сақтау және ұсақ қол моторикаларын дамытатын логопедиялық ойын жаттығулар түрлерін орындады. Балалар ойын барысында белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты
"Сыр шуағы"бөбекжай-бақшасында ата-аналарға арналған консультациялық пункттің "Баланың балабақшаға бейімделуі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Балабақша педагог-психологы Г.Рзабаева АКП мамандары мен ата-аналарға бейімделудің кезеңдері бойынша айтып өтті.
*КП мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
*Белгілі бір себептермен білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету.
Дөңгелек үстелге келген Медина, Дінмұхаммед, Алинұрдың аналары өз кезегінде балабақшаға алғыстарын айтты.
Ата -аналарға арналған консультациялық пункттың 2025-2026 оқу жылының жоспарына сәйкес “Баламен тақырыптық серуен” тақырыбында дөңгелек үстел жұмысы жүргізілді. Балалар балабақша ауласына серуенге шығып, құстар мен жапырақтарды бақылап, түсініктері артты.
«Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасында АКП бағыты бойынша келетін балалар-Әлихан, Еркназ, Әлинұр тәрбиеші Ғ. Шайзадаевамен бірге қызықты дамыту ойындарын ойнап, белсенділік танытты.
Балалар «Сандар құпиясы», «Мамандықтар әлемі», «Сандарды табайық» сияқты танымдық ойындарға қатысып, ұсақ моторикасы, логикалық ойлауы мен сөйлеу дағдыларын дамытты.
Әр бала ойындарды қызығушылықпен орындап, өз қабілеттерін көрсетіп, жағымды әсер алды. Ойын соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарады.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeId82edec0350
Ата-аналарға арналған консультациялық пунктың 2025-2026 оқу жылының жоспарына сәйкес ата-аналар балаларымен бірге балабақшамызға саяхат жасады. Атап айтқанда:
- ән-әуез залы;
- спорт залы;
- психолог кабинеті;
- медбике кабинеті;
- эргономикалық ойын алаңдарымен танысты.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeId37279dfc03
Бүгін бақшамызда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттің жұмысы жүргізілді. Педагог-психолог Рзабаева Гүлмарал балалармен түрлі ойын- жаттығулар ойнады.Ойын барысында балалар белсенділік танытып, қызығушылықпен атсалысты.Ойын соңында алған әсерлерімен бөлісті.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeIdc804a3c799
2025 жылдың қаңтар айының 17 - ші жұлдызы күні "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшамызда музыка жетекшісі Тлеулесова А ата - аналармен бірге "Тәрбие тірегі - халық мұрасы" тақырыбында ток шоу өткізді. Ток шоуымызда отбасында баланың тәрбиелі болып өсуіне басты нәрсенің не екенін айтып, өз ойларын ортаға салып бөлісті. Әрі қарай ата аналарымыз отбасы (яғни ана, әке, әже ата ) туралы әндер айтып, қазақша ою - өрнектерімізді қимылмен жасап, "Менің бақытты отбасым" тақырыбында сурет салды. Іс шара соңында ата - аналарымыз өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeId1a8c479c4a
Бүгін бақшамызда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттің жұмысы жүргізілді. Бауыржанқызы Айша және Утепбекова Инабатпен музыка жетекшісі Тлеулесова Айгерим түрлі әуенді - ырғақты қимылдар жасатып, аспаптарға байланысты ойындар ойнатты. Бүлдіршендіріміз белсене араласып, қызығушылық танытты.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeId0075d55a20
13 желтоқсан 2024 жылы "Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттің жұмысы жүргізілді. Ербоша Нұржан мен Үтепбекова Инабат тәрбиеші Нысанбаева Сағирамен "Кішкентай көмекшілер" тақырыбында ойын-сабақ өткізді.Ойын барысында балалар өте белсенділік танытып, педагогпен бірге қызығушылығы басым болды.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeId6b68576ff0
Бүгін бақшамызда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттің жұмысы жүргізілді. Бауыржанқызы Айшамен педагог-психолог Рзабаева Гүлмарал түрлі ойын- жаттығулар ойнады.Ойын барысында Айша өз эмоциясын шынайы көрсетіп, қызығушылық танытып ойынға белсене қатысты.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeId5441e0040f
Ата - аналарға арналған консультациялық пункттің 2024 - 2025 оқу жылы жоспарына сәйкес тәрбиеші Шайзадаева Ғайша консультациялық пункттегі Алиханға бала қызығушылығ ын сай түрлі ойындар ұсынып, бірге ойнады.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeId2efd95c1e5
"Сыр шуағы"бөбекжай- бақшасына ата-аналар консультациялық пунктіне келетін балаларға лопедиялық көмекте қажет.Осы орайда бөбекжай-бақша логопеді Нұрқожаева Ақмарал ата -аналар пунктіне қабылданған Нұржанмен жеке жұмыстар жүргізді.Ата -аналарға логопед маманы қазіргі уақытта сөйлеу тілінде ақаулары бар балаларға үй жағдайларында жасалатын жаттығу түрлерін көрсетіп,үй жағдайында баламен бірге жасауға кеңес берді.
https://syrshuagy.kz/kz/ata-analar-a-arnal-an-konsultatsiyaly-punkt-zh-mystary.html#sigFreeId91cad09c6a
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 2023-2024 оқу жылына арналған бөбекжай-бақшасының Ата-аналар консультациялық пункт жоспары | |
| 2 | Ата-аналар консультациялық пунктте жұмыс жасайтын мамандар тізімі |









