Бүгін біздің «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасы мектепалды топ балалары қаламыздағы Серғали Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейіне «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «SMART BALA» жобасының жоспарына сәйкес «Ақылды робот - 2025» роботтар көрмесіне барып, тамашалап қайтты.
Көрме мектеп-лицейінің 1-4 сыныптары арасында ұйымдастырылды. Қатысушылар кез келген қолда бар тұрмыстық қалдықтардан, пластмассадан, баклажка және т.б. заттардан жасалған роботтарды өз идеяларымен құрастырған. Роботтардың әр түрлі қимыл-қозғалыстары мен аттары да бар екен. Жеңімпаз оқушылар диплом, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.
Біздің кішкентай балақайлар түрлі роботтарды көріп таң қалып, бар қызығушылығымен тамашалады.