Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдық мерей тойы қарсаңында "Тәуелсіздік тірегі қиялымның қанаты" тақырыбында желтоқсанның 6-шы жұлдызында бейнелеу өнері маманының ұйымдастыруымен сурет көрмесі болып өтті. Тәуелсіздік және тәуелсіздіктің жеткен жетістіктері мен тарихы жайлы мағлұматтар беріліп, видео-слайд тамашаланды. Көрмеге ересек және мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің суреттері  ілінді.  Барлық топ балақайлары белсенділікпен ат салысып, бейнелеген суреттерін баяндап, мерекеге жыр шумақтарын арнады.