Желтоқсанның 10-шы жұлдызы күні балабақша ішілік «Достық» және «Ботақан» ересек топтары арасында «Спорт – біздің  досымыз» тақырыбында жарыс сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты балаларды ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға  тәрбиелеу. Спортпен шұғылдана отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Жарыс сабақ 5 турдан тұрды. Балалар әр кезеңде белсенділік пен шапшаңдық танытты.  Іс-шара соңында топ тәрбиеленушілері мадақтамалармен марапатталды. Ұйымдастырылған іс-шара өз дәрежесінде өтті.