«Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасында «Ұстаз-ұлағатты есім» ұстаздар күніне арналған апталық жоспарына сәйкес, педагог-психологтің ұйымдастыруымен «Ұстаздық еткен жалықпас...» тақырыбында ұстаздармен дөңгелек үстел жүргізілді.Мақсаты: ұстаз мәртебесін көтеру,ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі құрметтеуге, еркін сезінуге көмектесу.
Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Осы дөңгелек үстел барысында ұстаздармен «Ұстаздық еткен жалықпас...» (баяндама), «Ситуациялық жағдаяттар», ұстаздардың қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» психологиялық тренингі жүргізілді.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/86-stazdy-etken-zhaly-pas.html#sigFreeIdae2d11293d