2024 жылдың маусым айының 4-ші жұлдызында "Сыр шуағы" бөбекжай- бақшамызда "4 маусым- Қазақстан Республикасының рәміздер күні" мерекесіне орай балаларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастырып және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында "Менің рәміздерім” атты мерекелік іс- шара болып өтті. Балалар айтулы мерекеде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК Гимнімен бастап, жыр шумақтарын арнап, ұлттық билерімізді нақышына келтіре орындап, әнмен сусындатып тарту етті. Құрметті ата -аналар және бүлдіршіндер, әрқашан шарықтап Гимніміз шырқала берсін, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін