Бүгін "Сыр шуағы"бөбекжай - бақшасы балапандары  үшін ерекше күн болды. Балалар ата -аналарымен ата-әжелерінің қасында отырып тамақтанып,жаттығу жасап,ойын ойнап,ертегі тыңдап,спорттық сайыстарға қатысты яғни айтқанда ашық есік күні болды.Ашық есік күніне жиналған ата -аналарға жылы лебізін білдірген бөбекжай-бақша меңгерушісі М.А.Кунхожаева топтардағы дамытушы орталықтардағы  іс-әрекет барысын көруге шақырды.Содан соң әр топ өз жоспарына сай топтардағы ,балабақша ауласындағы түрлі сайыстарға қатысты.Ата -аналар осындай керемет көңіл күй сыйлаған бөбекжай- бақша ұжымына өз  ұсыныс пікірлерін,алғыстарын жазып қалдырды.