Баланы мектепке жан-жақты дайындау — өте жауапты әрі маңызды іс.
Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Дөңгелек үстел «Бәріміз бірге» ойын жаттығуы арқылы жақсы көңіл-күймен басталды.
Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?- осы сауалдарға жауап іздеп дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты.
Мектепалды топ тәрбиешілері балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау бойынша балалардың жетістіктерін, бойындағы өзгерістерді, қабілеттерін атап айтып өтті. Ата-аналармен бірге “Күтпеген суреттер” жаттығуы орындалып, дөңгелек үстел соңында “Мен және менің балам ” сауалдарына балаларының бойындағы қасиеттерді жаза отырып,жауап берді.