2025 жылдың наурыз айының 12 - шы жұлдызы күні "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшамызда жоспарға сәйкес " Инклюзивті білім беру процесін оқу - әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіру" тақырыбында N°4 педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде: "Мектепке дейінгі жастағы балалардың агрессивті мінез - құлықтарының алдын алу және коммуникативті дағдыларын дамыту" презентациясымен психолог Г. Рзабаева таныстырды. "Ойын арқылы артикуляциялық жаттығу жасау" іс - тәжірибесімен логопед А Нұрқожаева бөлісті. "2024-2025 оқу жылындағы "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына аттестацияға ұсынылған педагогтардың портфолио құжаттарын толықтыру көрсеткіші" ақпаратымен әдіскер М.Тулендиева бөлісті. "ІТ балабақша" пилоттық жобасы бойынша барлық педагог мамандар көрмесімен таныстырды.
Ағымдағы мәселелер бойынша меңгеруші М.А.Кунхожаева мен әдіскер М.К. Тулендиева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті а.ж. 10 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенованың төрағалығымен «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру шеңберінде өткен кеңестің хаттамалық тапсырмасын (2.1) тармақ) орындау максатында Министрлікте мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің арасындағы сабақтастық аясында мектепке дейінгі ұйымдардың барлық топтарында: ерте жастағы (1 жас), кіші жастағы (2 жас), орта жастағы (3 жас), ересек жастағы (4 жас), мектепалды топтар /сыныптарда (5 жас) балалардың алатын негізгі біліктері мен дағдылары негізінде тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған әзірленген кеңестер үлгісімен педагогтарға таныстырды. Педагогикалық кеңес барысында педагогтар өз ойларын ортаға салып, топтасып ұйымшылдықпен жұмыс жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Педагогикалық кеңес өз дәрежесінде өтті.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/747-pedagogikaly-ke-es.html#sigFreeIdaa68d6080b