"Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасында 13 қараша күні “Менің балабақшадағы бір күнім” тақырыбында ашық есік күні болып өтті. Ашық есік күнінің мақсаты балабақша өмірінің бір күндік тыныс тіршілігінде ата -аналар мен бірге болу.Ашық есік күніне келген ата -аналар балалармен бірге ойын ойнап,сурет салып,ән айтып,кітап оқып қызықты сәттердің куәсі болды.