2024-2025 оқу жылына арналған, "Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық" жоспарына сәйкес "Сыр шуағы" бөбекжай бақшасының тәрбиешілері мен "Абай" атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің 1-ші сыныпқа қабылданған балалардың сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері балабақша мен мектеп педагогтері арасындағы бірлескен жұмыс түрлерін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында қорытынды шығарылып, педагогтер өз ой-пікірлері және ұсыныстарымен бөлісіп, «Мектеппен сабақтастығы» нығайтуға ой бөлісті.