Бүгін бөбекжай-бақшамызда 1 маусым-балалар күніне арналған "Бала күлкісі - әлемнің көркі" атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік кеш барысында ерке, сүп -сүйкімді бүлдіршіндеріміз шерумен бастап, әсем әндер шырқап, көңілді билер билеп, өз өнерлерін көрсетті. 1 маусым балалар қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз.