Бүгін сәуір айының 30 ші жұлдызында " Сыр шуағы" бөбекжай- бақшасында "1 — МАМЫР Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесіне орай "Қазақстан ұлттарының бірлігі" атты мерекелік кеш өткізілді. Балалар достық туралы әндер айтып, ұлт өкілдеріне арналған жыр шумақтарын жеткізе білді. Сонымен қатар, ынтымағы жарасқан ұлттар биін билеп кешті жалғастыра білді Мерекелік кеш өз дәрежесінде өтіп, жақсы көңіл- күйде тарасты. БІР ШАҢЫРАҚТЫҢ АСТЫНДА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ДОСТЫҒЫ ӘРДАЙЫМ БЕРІК БОЛЫП, БІРЛІГІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАЙ БЕРСІН!