26.01.2023ж. "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшасында "Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық - кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыру және педагогикалық процестің сапасын қамтамасыз ету" тақырыбында қалалық семинар болып өтті. "Достық" мектепалды тобының тәрбиешісі Нурбаева Бибіжан балабақша дәлізінде орналасқан кітап бұрышында ойын арқылы балаларға өз қалаулары бойынша ертегі түрін таңдатып, оқып беріп, пазылдар арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнесін құрастырып, әр кейіпкерге мінездеме берді.Балалар ертегі мазмұнын түсініп, достық туралы білетін мақалдарын еске түсірді. Соңында "Достар" әнін айтып, балалардың көңіл-күйлері көтерілді.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/433-dosty-mektepaldy-tobyny-t-rbieshisi-nurbaeva-bibizhan-balaba-sha-d-lizinde-ornalas-an-kitap-b-ryshynda-ojyn-ar-yly-balalar-a-z-alaulary-bojynsha-ertegi-t-rin-ta-datyp-o-yp-berip-pazyldar-ar-yly-ertegi-kejipkerlerini-bejnesin-rastyryp-r-kejipkerge-minezdeme-berdi.html#sigFreeId1e426928f8