12.01.2023 жылы логопед маманы Нуркожаева Акмарал ұйымдастырылған іс-әрекетінде "Эйнштейн балақайлар" апталығында "Айналайын" ересектер және "Достық" мектепалды топтарымен "Судағы тосын сыйлар" тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Балалар ыдысқа құйылған суға сұйық сабын және глицеринді қосып әр түрлі көлемдегі көпіршіктерді түтікшенің көмегімен үрлеп шығарады және түтікшені үрлеу арқылы жасырылған суреттерді тауып атайды, стаканның көмегімен суреттерді улкен көлемде көруге болатынын зерттейді. Ойынның мақсаты судың көмегімен бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып балалардың дұрыс тыныс алып, шығаруларын қалыптастыру және қызығушылықтарын арттыру.