26.01.2023ж логопед маманы Нуркожаева Акмарал "Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық- кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру және педагогикалық процестің сапасын қамтамасыз ету" тақырыбында қалалық семинарда "Құлыншақ"ортаңғы тобымен"Лого game's" тақырыбы бойынша ойын- жаттығулар түрімен жұмыс көрсетті. Логопед маманы балаларға интербелсенді тақта арқылы әуенмен нейро жаттығулар жасатып, қимыл- қозғалыстарын белсендіріп алды. Балалар өздерінің қалаған ойын аланқайларын таңдап, топтарға бөлінді. Ойын орталықтарында балалардың дұрыс тыныс алуына, артикуляциялық аппарат мүшелерінің қалыптасуына, ұсақ қол моторикасың, мидың жарты шарының дамуына және ертегі тыңдау арқылы сөйлеу тілін, қиялын дамытуға арналған ойындарын ойнатып, қызығушылықтарын арттырды. Балалар белсене қатысып, ойын- жаттығуларды қызыға орындады.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/431-lynsha-orta-y-tobymen-logo-game-s-ta-yryby-bojynsha-ojyn-zhatty-ular-t-rimen-zh-mys-k-rsetti.html#sigFreeId6049139906