Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі аясында "Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасында" «Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыру және педагогикалық процестің сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті Семинарға 60 жақын мемлекеттік балабақшалар мен VІІ әдістемелік аймаққа қарасты жеке балабақшалар педагогтары қатысты. Семинар қонақтары: Қызылорда қаласы білім бөлімінің әдіскері Сарсембай Жанат Кеулімжайқызы мен Қалалық кәсіподақ ұйымның жанынан құрылған МДҰ Жастар кеңесінің төрағасы Султанбек Досмұхаммед. Семинар барысында бөбекжай-бақшамыздың педагогтері кіші, ортаңғы, ересек, мектепалды топтарындағы іс-әрекеттері мен эргономикалық орталықтардағы балалармен ойындарын көрсетті