Бүгін "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшасында музыка жетекшісі А. Тлеулесова "Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық - кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыру және педагогикалық процестің сапасын қамтамасыз ету" тақырыбында қалалық семинарында " Tik tok kids" дамытушы орта алаңында жұмыс көрсетті. Балаларымыз қазіргі қазақ тіліндегі әуеннің ырғағына ұлттық қимылдарымызды, бұйымдарымызды, салт- дәстүрлерімізді байланыстыра би билеп, ән шырқады. Балаларымыздың қызығушылықтары артып, келген қонақтарға көңіл- күй сыйлады.









