Топ тәрбиешілері мен дене нұсқаушысының көмегімен, "Денсаулық", "Тазалық" деп екі командаға бөлінген балалар,түрлі қызықты ойындар ойнап, өз ептіліктерін, жылдамдықтарын көрсетіп,командаларына жеңіс сыйлауға тырысты .Арнайы балабақша педагогтарынан сайланған әділ қазы алқаларының шешімімен командалар тең түсіп, "Спортшы балақай" төсбелгілерімен марапатталды.