2022 жылдың желтоқсан айының 27-ші жұлдызында «Достық» мектепалды тобында «Жыл блогері» тақырыбында жаңа жылдық ертеңгілік өтілді. Ертеңгілік барысында балалар Тиктокерлер, Ютуберлер, Инста жұлдыздар болып үш топқа бөлініп жылдың «Үздік блогерлері» атану үшін өз өнерлерін көрсетті. Ертеңгіліке Аяз ата, Қаршақыз, қасқыр, түлкі, қоян, барыс және мыстан әже келіп мерекелік кешті қыздыра түсті. Балалар «Келді міне жаңа жыл», «Жаңа жыл» әндерін хормен айтып, Тиктоктың трендтегі әндеріне би билеп, «Көңілді балақайлар» «Жаңа жыл» билерін билеп, Таңырыс «Тәтті» әнін, Нұрислам «Кел жаңа жыл» әнін, Нұраддин «Қош келдің жаңа жыл» әнін жеке орындап келген қонақтарға мерекелік көніл күй сыйлады. Сонымен қатар жыр – шумақтарын да айтып аяз ата мен достарын таңқалдырды. Мерекелік кеш аяғында «Үздік» блогерлерді ата-аналар мен келген қонақтардың шапалақ, қошеметтері арқылы анықтау барысында достық жеңді.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/408-2022-zhyldy-zhelto-san-ajyny-27-shi-zh-ldyzynda-dosty-mektepaldy-tobynda-zhyl-blogeri-ta-yrybynda.html#sigFreeId793d92c03b