#Ашықкөрсетілімонкүндігі
Қараша айының 8-і жұлдызында "Айгөлек" ортаңғы тобында тәрбиеші Каукенова Динара "Күз кереметтері" тақырыбында кіріктірілген ойын іс-әрекетін өткізді. Балалар іс-әрекетті "Күз кереметі" ойынымен ашып, әрі қарай дамытушы ойын алаңқайында "Ғажайып суреттер", "Ерекше бояулар", "Суретші балақай", "Бөліктерді құрастыр" ойындарын ойнады. Балалардың коммуникативтік, шығармашылық қабілеттері артты.