Бүгін бөбекжай-бақшамызда «Айгөлек» ортаңғы тобында тәрбиеші Ж.Жәнібекова «Күз құбылыстары» тақырыбында кіріктіріліп ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті болып өтті.
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейтілді. Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, берілген сұрақтарды тыңдау және түсінікті жауап беруге үйренді. Өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айтуға, күз мезгіліне сипаттама беруді және оның құбылыстарын ажырата білді. Табиғаттың қарапайым өзгерістерін атап, айнала қоршаған ортаны таныды. Балалардың танымдық қызығушылықтары дамыды.