Бүгін "Күншуақ" ересек тобының тәрбиешісі Жанакова Гулжанат "Асық-алтын қазынам" тақырыбында кіріктіріліп ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін өткізді. Ойын іс-әрекеті "Ата толғау" күйіне асықпен ырғақты қимыл жасаумен басталды. Балалар ойын барысында түрлі-түсті асықтармен сандарды реттілікпен санап, тура және кері санауға жаттықты. Ал білімбукта логикалық ойлау қабілеттері артты. "Асық терапиясы" ойыны кезінде бойларын сергітті. Балалар барлық ойында белсенділік танытып, асық бейнесі бейнеленген фишкалармен марапатталды.