2024 жылдың сәуір айының 11 - ші жұлдызында педагог - психолог маманы Рзабаева Гүлмарал ересек топ балаларымен «Менің әлемім керемет» тақырыбында тимбилдинг өткізді. Балалар ең әуелі ерекше сәлемдесіп, лабиринт жолы арқылы өтіп,кедергілерді жоя білді. Ойын барысында балалар екі топқа бөлініп ортада берілген пішіндерді резеңкеге біріктірілген жіптермен құтыларға жылдамдықпен, түсіріп алмай ұжымдаса отырып жинай білді. Мұнара құрау ойынында екі топқа бөлінген балалар үстел үстіне стақандарды қолдана отырып, ең биік мұнараны құрастырып шынайы достықтарын көрсетті. Sanbot роботы да балалардың қуанышты дауысын естіп, қонаққа өзінің «Менімен қайтала» ойынын ала келді. Балалар шынайы ішкі сезімдерін шығарып, сиқырлы бөлмеге саяхаттап, тынығып, ойыннан алған әсерлерін жасырынған суреттерге салды. Тимбилдинг соңында балалар көңілді неонды таяқшалармен би биледі.
https://syrshuagy.kz/kz/ashy-k-rsetilimder/634-meni-lemim-keremet.html#sigFreeId9038cd9b27