Сәуір айының 08-ші жұлдызында «Көктем құстары» тақырыбында «Достық» ортаңғы тобында ашық оқу іс-әрекеті өтілді. Іс-әрекет барысында балаларға көктем мезгілі туралы сұрақтар қойылып, көктем құстары туралы ертегі кітапшамен құстар туралы білімдерін кеңейті. Әрі қарай балалар жұмыртқаны жырту арқылы құстардың түстерін ажыратып,ойын алаңдарына бөлінді. «Құстар», «Көктем бейнесін бейнелеу», «Торғайларға ұя жасаймыз», «Әсем құстар» , «Құстарды тамақтандыр», «Торғайды ұшыр» ойындарын ойнады.Ойын барысында балалардың шығармашылық қабілеттері артып, белсенділікпен жұмыс жасай білді.