"Күншуақ" ортаңғы тобында "Қазақтың ұлттық ойындары арқылы баланы дамыту" тақырыбында ұйымдастырылған ашық іс - әрекет өтті. Балалар ұлттық киім киіп, қолдарына қамшы ұстап, топқа би билеп кірді. Қоржын ішінен ұлттық ойындарға қажетті заттарды алып, сұрақтарға жауап берді. Түрлі - түсті асықтарды таңдау арқылы, жасырынған ұлттық ойындардың атауын атап,  ойын алаңқайларына барып, қызығушылықпен ойындар ойнады.