Сәуір айының 4ші жұлдызында "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшасында музыка жетекшісі Мұхамет Жаркынай “Құлыншақ” ересек тобымен “Музыкалық дүкен” тақырыбында музыка іс әрекетін өткізді. Балалар көңілді әуенмен кіріп, әуендете сәлемдесіп, таяқшалармен ырғақты қимылдар жасады. Жетекші жаңа тақырыпты түсіндіріп, “Сылдырмақ” әнін үйретті. Балалар қалаған ойын алаңқайларына бөлініп, берілген ойындарды ойнады. Балалар үйренген әнін сылдырмақ аспабымен сүйемелдеп, орындады. Балалар қызығушылықпен жасап, керемет әсер алды.