03.04.2024 жылы логопед маманы Нуркожаева Акмарал ортаңғы топ балаларымен "Көрікті көктем" тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс - әрекетін өткізді. Балалар әуенмен көлшік сулар үстімен секіріп өтіп қимыл- қозғалыстарын белсендіріп алды. Логопед сиқырлы қорапты ашып, балалар ішіндегі бөлінген кубиктегі көктем мезгілінің суретін құрастырып ерекшеліктерімен танысып, белгілерін атады. Балалар ойын алаңқайларына бөлініп жұмыстар жасады. Ойын орталықтарында балалардың дұрыс тыныс алып, шығаруын қалыптастыратын, артикуляциялық аппарат мүшелерін белсендіретін, ұсақ қол моторикасы және танымдық қабілеттерін дамытатын, байланыстырып сөйлеуге үйрететін, сөздік қорларын молайтатын ойын түрлерін ойнатып, қызығушылықтарын арттырды. Балалар белсене қатысып, ойын - жаттығуларды қызыға орындады. Балаларды белсенділіктері үшін жұлдызшалармен мадақтады.