2023 жылдың 1 қараша күні «Еркемай» ересек тобында «Пішіндер бізде қонақта» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс әрекет ойыны болып өтті. Балалар «Көңілді автобус» биі арқылы достарымен би билеп көңілдерін көтерді. Sanbot роботтың ойындары арқылы Флипчарт ойынын «Екі бірдей бейнені тап» ойынында пішін тәрізді заттардын түрлерін ажыратып, сұрақтарға толық жауап берді. Дамытушы ойын алаңқайларына бөлініп:
1. IT алаңқайы;
2. Қызықты математика алаңқайы;
3. Өнер алаңқайларына қалаулары бойынша бөлініп ойындар ойнады. Қорытынды бөлімінде «Көңілді алаша» ойынын ойнап белсене араласып, қызығушылықтарын танытты.