2021 жылдың желтоқсан айының   15 жұлдызы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай   ортаңғы,  ересек,  мектепалды даярлық топтар арасында "Тәуелсіздікке 30 жыл" атты мерекелік кеш өткізілді. Бүлдіршіндеріміз  "Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз"   атты қойылым қойып,  ақыш жазушылардың туған жеріне,  еліне  деген өлең шумақтарын арнап,  қазақ биін мың бурала биледі. Әнмен сусындатып,   шараның сәнін келтірді. Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтіп,  балалардың көңіл-күйі көтеріліп,  белсенділік танытты.