13.12.2021ж логопед маманы Нұрқожаева Ақмарал "Достық" ересектер тобының тәрбиеленушілері Оразбай Ержігіт және Ерсұлтанұлы Айбар Қатынас білім беру саласы "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" тақырыбында кеңейтілген ашық оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің мақсаты: балаларға Тәуелсіздік сөзіне түсінік беріп, тәуелсіз Казақстан, көк байрақ, елтаңба, қыран құс, ата заң сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын молайту, елін, жерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімдерін ояту. Логопед маманы слайд арқылы балаларға Тәуелсіздік мерекесінің-30 жылдығы туралы мәлімет беріп, флипчарт ойыны арқылы балалар еліміздің тәуелсіздік символдарын атай отырып, Тәуелсіздік картасын құрастырды. Оқу қызметіне белсене қатысқандары үшін балаларды "Тәуелсіздікке-30жыл" белгіленген жұлдызшалармен мадақталды.