Бейнелеу өнері маманы Отарбаква Ляззат "Ақжелкен" мектепаллы даярлық тобы тәрбиеленушілерімен 2021жылдың 13-ші жұлдызы күні "Шығармашылық" білім беру саласы "Себеттегі алма" тақырыбы бойынша сурет салу оқу қызметінен кеңейтілген ашық оқу қызметін өткізді. Оқу қызметі сәлемдесу мен басталды. Балаларға сұрақ қою арқылы өткен оқу қызметіне шолу жасалды. Жаңа тақырыпты видео-слайд арқылы жариялап, көңілді әуенмен саусақ жаттығуы жасалды. Жаңа тақырыпқа түсініктеме берілді. Жаңа тақырыптың бейнелену әдіс-тәсілдері түсіндіріліп, таратпа текшелер арқылы топқа бөлінді. Ақ көбік (пенка) мен гуашь бояуын араластыру, әйнек бетіне гуашь бояуымен бейнелеу және жұмсақ ермексазды жағу арқылы орындады. Оқу қызметі "Қазақстаным" флипчарт әдісі арқылы қорытындыланып, суретті дұрыс, әдемі, таза орындаған балаларды атау және Тәуелсіздіктің мерейтойына байланысты суретті боямақ естелік ретінде таратылды.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/93-bejneleu-neri-mamany-otarbakva-lyazzat-a-zhelken-mektepally-dayarly.html#sigFreeIde9eb655f7b