Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектепалды даярлық топтарының балалары арасында "Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы" тақырыбындағы қашықтықтан облыстық сурет байқауы өткізілді. "Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасының "Ақжелкен" мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Жасұланқызы Гүлназым "Тәуелсіз Қазақстаным" тақырыбында акварель бояуымен өз қиялынан суретті бейнеледі. Суретте Қазақстан картасының кең байтақ жері,күннің шуағында құстардың, гүлдер мен қазақтың ою-өрнектерінің элементтері және астанамыз бейнеленген. Сурет байқауының нәтижесі бойынша Жасуланқызы Гүлназым қалалық сурет байқауынан І орын иеленіп, қалалық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.