Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылорда қалалық білім басқармасына қарасты «Сыр шуағы» мемлекеттік балабақшасында тәрбиеленушілер арасында жол қауіпсіздігін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында балаларға жолдан өту ережелері, бағдаршамның түстерін дұрыс пайдалану, жаяу жүргіншілер өткелінен өту, жол бойында қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Балалардың жол қауіпсіздігіне қатысты негізгі ережелерді ерте жастан меңгеруі – олардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды бөлігі.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңызға жол қозғалысы ережелерін күнделікті ескертіп, өзіңіз де жолда қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз. Балаға ең жақсы тәрбие – ата-ананың жеке үлгісі.
Жол ережесін сақтау – әр адамның міндеті!
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Қызылорда қалалық полиция басқармасы
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі
Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жүргізілді.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/814-balalardy-zhol-auipsizdigi-basty-nazarda.html#sigFreeId39882ca815









