Қаңтар айының 22-ші жұлдызында «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшамызда “ІТ балабақша” пилоттық жобасы аясында «Мектепке дейінгі ұйымда жасанды интеллекті қолдану – болашақтың технологиясы» VII әдістемелік аймаққа қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған семинары болып өтті. Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйым аймақ жетекшісі Турбаева Сарқыт Акмурзаевна және мемлекеттік пен жеке мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері қатысты.

Семинар тақырыбына сай балабақшамыздың жас мобилографтары келген қонақтарды қарсы алып, сұрақ қойып, өз ойларын білдірді.

Музыка жетекшісі Мұхамет Жарқынай «Digital balakai show» тақырыбында балалар өз өнерлерін көрсетті.

* Қалиева Эльмира «Балбөбек» ортаңғы тобы «Үй құстары әлеміндегі цифрлы ойындар»; «Айгөлек» ересек тобы «Ойындар әлеміндегі цифрлық технологиялар» Каукенова Динара; «Айналайын» ересек тобы «Ұлттық мұра ізімен: ІТ ойындар әлемі» Зинадинова Әлия; «Ақжелкен» мектепалды тобы «Сандар әлеміндегі ЖИ ойындары» Жайшылықова Айгерім; «Достық» мектепалды тобы «Сиқырлы бес қақпа» Абдукаликова Гүлназ; «Балдәурен» мектепалды тобы «ІТ әлеміндегі әуенді аспаптар» музыка жетекшісі Тлеулесова Айгерім; «Цифрлы әлемдегі «Р» дыбысы» логопед маманы Нуркожаева Ақмарал; «Интербелсенді еден» - «ІТ білімге апарар іздер» Нысанбаева Сагира; Шебер сынып «Stop motion ертегілер әлемінде» Жанакова Гүлжанат; «Art студио» эргономикалық орталығы шебер сынып «Сурет салуда жасанды интеллектінің рөлі» бейнелеу өнері маманы Отарбаева Ляззат. «Шығармашыл балақай» эргономикалық орталықта:

* «Мамандықтар қызметіндегі батырлар» тәрбиеші Шөмекеева Салтанат;

* «Бизиборд ТІМЕ» эргономикалық орталығы «Ұлттық ойындар әлемінде» тәрбиеші Шәкібай Айсұлу;

* «Экологиялық бұрыш» «Таза табиғат+ІТ» экологиялық тәрбие беру тәрбиеші Қалмаханова Гүлім өз жұмыстарын көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс ретінде талдау жасап, қорытындыланды.