#кішкентайЭйнштейн

Қаңтар айының 9-шы жұлдызында бөбекжай-бақшамызда бейнелеу өнері маманы Л. Отарбаева айлық жоспарға сәйкес "Кішкентай Эйнштейн" эксперименттік әрекет түрін ұйымдастырды.

Балаларға арналған зертхана жұмысын жандандыру мақсатында түстерді тану арқылы дәстүрден тыс сурет салу әдісін қолдана отырып, су мен қағаз және бояулардың құпиясын зерттеді. Олардың қызығушылықтары артып, шеберліктері және ойлау мен қиялдау қабілеттері одан әрі дамыды. Балақайлар белсенділікпен ат салысып, әртүрлі зерттеу жұмысын жүргізе білді.