Бүгін балабақшамызда “Ана тілің - арың бұл” тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шара таңғы қабылдаудан басталып, ата-аналар тілдер мерекесіне арнайы ұйымдастырылған ойында өздерінің білетін мақал-мәтелдерін, жаңылтпаштарын айтып, белсене қатысты. Сонымен қатар мектепалды, ересек және ортаңғы топ бүлдіршіндерінің қатысуымен ертеңгілік өтілді. Ертеңгілік барысында мектепалды және ересек топ бүлдіршіндері қазақ және өзбек ұлтының биін билеп, “Отанымның өркені” және “Елімнің ертеңгі иесі біз” әндерін айтса, ортаңғы топ бүлдіршіндері өздерінің тәтті тілдерімен тақпақтарын арнап өз өнерлерін көрсетті.