Бүгін бөбекжай - бақшамызда "IT пилоттық жоба аясында еркін ойын дағдыларын дамытуға жағдай жасау" VII әдістемелік аймаққа қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған қалалық семинарда музыка жетекші Тлеулесова А "Әуенді көңіл -күй" тақырыбында келген қонақтарымызға балалар шығармашылығын көрсетті. Балалар ұлттық биімізді нақышына келтіре билеп, шулы аспаптарымызбен шағын оркестр де ойнап, көңілді әндер айтылды. Келген қонақтарымыз балалардың өнеріне өздерінің қошеметтерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.