Бүгін бөбекжай - бақшамызда  жазғы сауықтыру- шынықтыру жоспарына сәйкес дене шынықтыру нұсқаушысы А.Нұрасыл  ересек топтар арасында "Өрт сөндірушілер" тақырыбында спорттық сайыс өткізді.

Балаларға алдымен өрт қауіпсіздігі және  оттан сақтану жолдары туралы мағлұмат беріп, сайысымыздың кезеңдерімен  таныстырып өтті. Атап айтатын болсақ, " Кім тез киінеді", "Өрт сөндірушілер" " Алғашқы көмек" сайыстық кезеңдерін қамтыды.  Балаларымыз сайысқа белсене қатысып, қызығушылықпен орындады.