2024 жылдың мамыр айының 14-ші жұлдызында балабақша әдіскерінің жұмыс жоспарына сәйкес «Менің тату отбасым!» апталығының екінші күні педагог-психолог маманы Рзабаева Гүлмарал мен логопед маманы Нұрқожаева Ақмарал «Әрбір бала- бір жұлдыз» тақырыбында балалармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мектепалды тобы балаларымен «Әке мен бала» мультсериалын тамашалап, ойларын ортаға салса, ересек тобы бүлдіршіні Ташкенбай Ақсұлтанның ата-анасымен байланыс орнатып, отбасы суретін салып, мағынасын әңгімелесе, ортаңғы топ бүлдіршіндерімен түрлі суреттерге қарап, отбасы мүшелерін атап, сұрақтарға жауап беріп үлкен қызығушылық пен белсенділік таныта білді. «Әрбір бала- бір жұлдыз» кездесуінде әр бала өздерін жан-жақты етіп көрсете алды. Кездесу балаларға қуаныш сыйлады.