2024 жылдың  сәуір айының бесінші жұлдызында "Ботақан" кіші тобы  "Ойындар әлеміне саяхат" тақырыбында, ұйымдастырылған ашық іс-әрекет болып өтті. Балалар әсем әуен үнімен қос қолдап асықтарды соғу арқылы ашып, ортада көптеген сұрақтарға жауап беріп, өздері қалаған дамытушы орталықтарға бөліп, ойындарды қызығушылықпен ойнады. Балалардың ойындар арқылы сөздік қоры кеңейіп, ірі және ұсақ қол маторикалары дамыды.