Бүгін бөбекжай — бақшамызда  ата - аналарды балабақша мен өзара белсенді әрекет етуге тарта отырып, Қазақстандық елін сүйетін ұлт жанды, рухани құнды, рух - жігері шыңдалған, бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасай отырып сенімді қарым - қатынас құру мақсатында музыка жетекшілерінің ұйымдастыруымен ересек топ ата - аналарының арасында "Елім менің" атты музыкалық зияткерлік сайысы өткізілді. Ата - аналарымыз патриоттық және халық әндерін орындап, Абай атамыздың жыр шумақтарын айтты. Сайыс соңында музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен "Атамекен" әнін шырқады. Келген қатысушы ата - аналарымыз жылы лебіздерін білдіріп, алғыс хаттары мен марапатталды.