10.11.2023ж «Сыр шуағы бөбекжай бақшасында «Достық» ортаңғы тобының ата-аналарының қатысуымен тәрбиеші Ж.Жәнібекованың «Күз ерекшеліктері» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекетін өткізді,  және де музыка жетекшісі: А. Тлеулесова «Дәрумендер» тақырыбында  музыка іс – әрекетін өткізді. Балалар жетекшімен топтарында еденде тұрған алманың суретінің үстімен секіріп,қимылдар арқылы орындарына жайғасып, сәлемдесті. Балалар «Мен алманы жақсы көремін» әнін мнемо кестесі және қолды ұрғалау арқылы жаттады. Жаттаған әндерін, үш орталыққа бөлініп, көңілді қолғаптар, сиқырлы таяқтар, көкөністі тарелкалар аспаптарын пайдаланып, әндерін сүйемелдеді.