Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасында 2023-2024 оқу жылына жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналысты бөбекжай-бақша меңгерушісі М.Кунхожаева ашып күн тәртібімен таныстырып өтті. Күн тәртібі бойынша жаңа оқу жылындағы міндеттер нақтыланып алға жұмыс жоспары жасалды. Ата аналар бөбекжай-бақшаға деген ризашылықтарын ,алғыстарын ұсыныс-пікірлерін айтты. Бөбекжай-бақшаның биылғы оқу жылындағы басты жаңалығы SAHBOTроботымен бірге ата аналар сергіту сәтін жасап көңіл көтерілді. Балабақшаішілік ата - аналар комитеті сайланып бірге ынтымақтаса жұмыс жасауға бірауыздан келісім жасалды.