Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Бүгін бөбекжай - бақшамызда "1- ҚАЗАН Қарттар күні" мерекесіне орай балабақшамыздағы тәрбиеленушілердің қарт ата - әжелерін құттықтауы болып өтті. Бөбекжай - бақша ұжымы қарияларымызға тілектерін білдіріп, сый сыяпаттарын тарту етті. Ата - әжелеріміз алғыстарын айтып, баталарын берді. "Қарты бар үйдің - қазынасы бар" дегендей - қарияларымызды құрметтеп, қадірлей білейік.
Ата - әжелерімізге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/525-arttaramyz-my-zhasasyn.html#sigFreeId5a52634177