24 тамыз күні Қызылорда қаласында Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт тақырыбында мектепке тәрбие мен оқыту педагогтерінің панельдік сессия отырыстары өткізілді. Жұмыс барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері ортаға салынып, жаңа оқу жылына сала бойынша бағыттар айқындалды. Ал бүгінгі 25 тамыз күні жаңа онлайн және офлайн форматта республикалық тамыз кеңесі өткізілді. Осы екі күнге созылған шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көкейде жүрген сұрақтардың жауыбын алдық. Сондай-ақ Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдар жұмысымен танысып, балалар үшін жасалған жағдайлар мен нәтижелі жұмыстарды көріп өз тәжірибемізге енгізуді көздеп отырмыз. Жаңа оқу жылы қарсаңында бағытымызды айқындап, айлық жалақының артатыны туралы қуанышты хабарды естіп көңіліміз марқайып бара жатқан жайы бар. Шараны ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!